Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті қайта ашылды
"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 5 жыл жүргізілді. Жабық тұрған мешіт есігін айқара ашты.
Қалпына келтіру жұмыстары кезінде электрмен қамтамасыз ету жүйесі толығымен ауыстырылды.
Тастары тазаланды. Әйнектері өңделді. Сондай-ақ ғимараттың сейсмикалық төзімділігі де тексеруден өткен.
Көгілдір мешіт немесе Сұлтанахмет мешіті – Стамбулдағы ірі және көрікті мешіттердің бірі.
Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады. Ол Мәрмәр теңізінің жағалауындағы, көне тарихымен танымал Сұлтанахмет ауданында, Аль-Софья мешітіне қарсы орналасқан. Мешіт қала нысандарының біріне кіреді. Мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Ол № 356 нысан болып тіркелген.
Ол 1616 жылы ашылған. Сұлтан Ахмет бұл мешітті Алланың ризашылығы үшін салуға бұйрық берген. Мешіт құрылысы 1609 жылы басталған. Көк мешіттің сәулетшісі - Седефкар Мехмет Ага. Ол Синан атты сәулетшінің шәкірті әрі бас көмекшісі болған. Мешіттің ғажап элементтерінің бірі - михраб. Михраб - мінәжат ететін қуыс. Ол мәрмәрдан соғылған. Михрабқа Меккеден әкелінген қара тас қойылған.