Қазақстан халқы шілдеде қатарынан төрт күн демалады

Қазақстан халқы шілдеде қатарынан төрт күн демалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 14:53 Сурет: pixabay
Бұл туралы Қазақстан үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады. Қаулы бойынша жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: