Алматыдан әскери техниканы Ресейге тасымалдап жатқаны рас па

Әлеуметтік желіде әскери техниканы тасымалдау барысы түсірілген видео тарады. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл техника Ресейге жеткізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео 26 сәуірде Алматыда түсірілген екен.
ҚР Қорғаныс министрлігі осы видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.
"Алматыда әскери техника қозғалысы түсірілген видеоға қатысты:Бұл видеода жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабақтар өткізілгеннен кейін әскери техниканы еліміздің орталық өңірінен Алматы қаласына жөнелту барысы көрсетілгенін хабарлаймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.
Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде таралған қауесеттерге назар аудармауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript