Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 9 адамға үкім шықты

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, қатысу және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, адамдар тобымен атыс қаруын ұрлауды ұйымдастыру, атыс қаруын және оқ-дәрілерді ұрлау, атыс қаруын және оқ-дәрілерді ұрлауға оқталу, өмірге қол сұғушылық, өмірге қол сұғушылыққа оқталу; қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау, алып жүру (ҚК-нің 272-б. 1,2,3 б.; 28 б. 5б. – 272 б. 1б.; 28 б. 3б. – 291 б. 3б. 4т.; 291б. 3б. 4т.; 24 б. 3б. – 291 б. 3б. 4т.; 380-1б. 2б. 10т.; 24б. 3б. - 380-1 б. 2б. 10 т.; 287б. 4б.) бойынша 9 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушылардың бірі 16 жылға, тағы үшеуі 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қалған айыпталушылар рақымшылық туралы заң бойынша сот залынан босатылды.