Биыл Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жүргізіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы көгалдандыру және абаттандыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттерә мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.
Сенбілікке волонтерлер мен студенттер де белсенді атсалысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript