Тоқаев әлемдік стандартқа сай хабар тарататын телеарнаның студиясын көрді

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2023 14:53 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін Jibek Joly телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды.

Президентке телереадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті.

Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңыздылығын және олардың кәсібилігін атап өтті. Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: