2 мамырдағы саудада доллар бағамы төмендеді

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 16:00 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 449,15 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,41 теңге (-0,40) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 498,18 теңге, рубль бағамын 5,63 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-451,5 теңге, еуро 491-497 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы тұрақты. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы өзгеріссіз қалды (баррелі 79,31 теңге), WTI маусымындағы фьючерстері 0,04%-ға өсіп, 75,7 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: