Павлодар тұрғыны ұлтаралық араздықты қоздыратын хабарламасы үшін сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 00:27 Сурет: pixabay
Павлодарда WhatsApp арқылы қазақ ұлтының ар-намысын қорлап, хабарлама жазған ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодардағы №2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот 2023 жылғы 24 сәуірде К.В.-ға қатысты ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлау фактісі бойынша  қылмыстық істі қарады (ҚК 174-бабының 1-бөлігі).
"2023 жылдың 1 қаңтарында К.В. масаң күйде WhatsApp мессенджерінің жалпы тобына ұлттық алауыздықты қоздыруға және қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған 3 дауыстық хабарлама жолдады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденген. 

К.В. кінәсін мойындады және бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Іс бойынша Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігінде негізгі жаза ретінде ең жоғары мерзім 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
"Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, кінәсін толық мойындауын және шын жүректен өкінуін, асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот К.В.-ға – 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп хабарлады ведомство.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: