Банкроттық: қазақстандықтардың 70%-ының өтініші қабылданбаған

банкрот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 01:53 Сурет: pixabay
Екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші кері қайтарылған. Өйткені адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен. Бұл туралы қаржы министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кей өтініш бергендердің ипотека төлеп жатқаны анықталған, яғни қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған.

Алайда өтініші кері қайтқан азаматтардың үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқы бар. Өйткені қабылдау әлі жүріп жатыр. Жалпы 3 наурыздан бері 50 мыңға жуық өтініш түскен.

"Қазіргі таңда 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданып, осы 6 айдың ішінде ол азаматтарға "банкрот" деген статус берілуі мүмкін. Бұл бірінші шешім қабылданды. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Себебі заңнама бойынша, 6 ай мерзім өтуі керек. Арызды берушілердің 36 мыңының арызы кері қайтарылды".Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: