Екібастұзда ыстық су қашан беріледі

Екібастұз, ыстық су, «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 13:45 Сурет: pixabay
15 мамырдан бастап екібастұздықтарға ыстық су кезең-кезеңмен беріле бастайды. Бұл жөнінде "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС 5 мамыр күні мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстық судан ажыратылған үйлердің тізімі және оларды ыстық сумен қамтуға болжалды қосу күндері компанияның Instagram аккаунтында жарияланады.

Екібастұз қаласында жылу желілерін тығыздыққа гидравликалық сынау аяқталды.

"Төрт күн бойы барлық магистральді және орамішілік желілер сыналды. Гидравликалық сынаулардың 4 кезеңі нәтижесінде желілердің 269 зақымы (оның ішінде магистральдік құбырларда – 34 және орамішілік құбырларда – 235) анықталды", – делінген компания жариялаған хабарландыруда.

Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері анықталған зақымдарды жою жұмыстарына кірісіп кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: