Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел тұрып, күн күркіреп, үсік жүретіні болжанады
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, түнде өңірдің басым бөлігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Жезқазғанда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, өңірдің орталығында, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23 м/с. Түркістанда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с дейін жетеді деп болжанады.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні, тіпті 30 м/с дейін жетеді. Таразда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.