Атырау облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2023 00:12 Фото: zakon.kz
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 мамырда сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 64 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кетті.

Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: