Тоқаев Си Цзиньпинмен және Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2023 14:46 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабаралуынша, Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Қытай" саммитіне қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: