Қай өңірлерде бұршақ, үсік және шаңды дауылға байланысты ескерту жасалды
Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 17 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі.
08 мамырдың сағат 21.00-ден 09 мамырдың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
08 мамырдың сағат 21.00-ден 09 мамырдың сағат 09.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.