Тоқаев Путинмен кездесу өткізіп, жан-жақты әңгімелесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 19:10 Сурет: akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізіп, жан-жақты әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

"Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді".Руслан Желдібай

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты.

Парадқа Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян да шақырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: