Екібастұзда күзетшіні өлтірді деген әйел қамауға алынды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 00:18 Сурет: polisia.kz

Екібастұзда әйел адам күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінді. Ол қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде мамырдағы мерекелер кезінде балабақшалардың бірінде жұмыс орнында күзетшіні өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. 

Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел адам қамауға алынған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: