Синоптиктер сенбіде еліміздің ірі қалаларындағы метеожағдайлар бойынша болжаммен бөлісті

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 09:21 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, 13 мамырда Қазақстанның барлық қалаларында қолайлы метеожағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан бойынша ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары байқалмайды", делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бұған дейін хабарланғандай, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктер атап өткендей, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ жауады деп болжанады. Ал Алматыда ыстық ауа райы болжанады, алайда күн құбылмалы.

Республикамыз бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: