Синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Ауа райы болжамы, "Қазгидромет" РМК, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 15:22 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады.

Республикада кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында да 2 градусқа дейін үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстік өңірінде де күн суытады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: