Синоптиктер 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 15:47 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстікте, шығыста – тұман."Қазгидромет" РМК

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус аяз сақталады.

Астана қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +17...+19°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +20...+22°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +23...+25°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: