Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстан, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 15:49 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +2...+4°С, күндіз +16...+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде +9...+11°С, күндіз +22...+24°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы: түнде +9...+11°С, күндіз +25...+27°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: