Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады деп болжанады
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел күшіне енеді, еліміздің солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста, оңтүстік-батыста бұршақ жаууы ықтимал.
14 маусымда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Таразда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, арасында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында, күндіз өңірдің солтүстігі, оңтүстігі және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, ал күндізгі екпіні 25 м/с дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ, Өскеменде найзағай кезіндегі желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз орталығы, шығысы және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, ал күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Семей қаласында да найзағай кезінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады, ал өңірдің оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды,кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны - 3 °C дейін төмендейді деп болжанады. Петропавл қаласында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Астанада найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде және Оралда да найзағай ойнайды деп болжанады.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар қаласында да соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ақтау қаласында 14 мамырда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, ал күндізгі желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі, сондай-ақ облыстың солтүстігі мен шығысында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді деп болжанады.
Алматы облысының орталығында, оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезіндегі желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Алматы және Қонаев қалаларында да найзағай ойнайды деп болжанады. Найзағай кезіндегі желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталық және батыс бөліктерінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, облыста және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Найзағай кезіндегі желдің екпіні - 15-20 м/с, ал Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында таңертең және түстен кейін соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.