Латвиядағы хоккейден әлем чемпионатында қазақстандық жанкүйерлер 800 метрлік туды жайды
Сурет: видео скрині
Қазақстандық жанкүйерлер Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында 800 шаршы метрлік туды жайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тек хоккей командасына емес, бүкіл елге қолдау көрсету мақсатында жасалған.
"Қазақстандық жанкүйерлер өздерінің хоккей командасына және бүкіл елге қолдау білдіру үшін 800 шаршы метрлік туды жайды. Біз сіздерді осында көргенімізге қуаныштымыз, достар!", - делінген Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы жариялаған видеода.
Еске салайық, 13 мамырда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегия құрамасын жеңді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript