Алматы зообағы "бірқазан пластик жейді" деген видеоға пікір білдірді
Сурет: unsplash
"Алматы хайуанаттар бағындағы бірқазан пластик бөтелкені жегісі кеп жатыр". Қазнетте осындай жазбамен видео пайда болды. Ал Алматы хайуанаттар бағы осы видеоны түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желідегілер құсқа алаңдады, ал кейбірі хайуанаттар бағына келушілерге, олардың жеке мәдениетіне ашуланды:
- Камера орнату керек. Біздің адамдар басқаша түсінбейді!
- Бірқазандар осылай ойнайды. Малтатас, бұтақтар, бұл жағдайда бос бөтелке. Бірақ әрине бөтелкелердің құстың үйінде жатқаны жөн емес.
- Екі апта бұрын зообаққа бардық. Тек кейбір адамдарды жануардан алыс торға қамап қою керек екен деп ойладық. Себебі кейбірі өзін ұстай алмайды.
- Хайуанаттар бағында күзетшілер/бақылаушылар көп болуы үшін штатты көбейтуге бола ма? Оларды оқытыңыз, жануарларды ренжіткен бұзақыларға бірден айыппұл салсын.
Дегенмен Алматы хайуанаттар бағы осы видеоға қатысты пікір білдіре кете, бұл жағдайда бірқазан пластик бөтелкені азық ретінде емес, ойыншық ретінде пайдаланып тұрғанын айтып, түсіндірді.
"Бірқазан оның жейтін зат емес екенін түсінеді. Бірақ, бұл – жануарлар қоршауына қоқыс тастай беруге болады дегенді білдірмейді. Зообақ ережесі бойынша және адамгершілік тұрғысынан да кез келген жерде қоқыс тастауға қатаң тыйым салынады", - деп жазды зообақ әкімшілігі.
Алматы зообағы Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" шығармасындағы әйгілі "Таңертең тұрдым, жуындым, өзімді ретке келтірдім. Сосын бірден планетамды ретке келтірдім!" деген сөзін мысалға келтірді.
"Сондықтан біз зообаққа келушілер мен қала қонақтарынан жануарлар тұрған қоршауға қоқыс тастамауын өтінеміз. Айналамызды, қоршаған ортамызды және сүйікті қаламызды таза ұстайық. Зообақ қызметкерлерінің еңбегін бағалап, жануарларға жанашыр болайық!" - деп мәлімдеді Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript