Ыстық, аяз, бұршақ: 18-20 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ыстық, аяз, бұршақ: 18-20 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 11:51 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда 18-20 мамыр күндері жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен өзгереді. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

"18-20 мамырда солтүстік-батыста және орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел соғады деп болжанды", - деді синоптиктер.

Қазақстанда ауа температурасы жоғары болады деген болжам бар. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3 градусқа дейін аяз сақталады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: