Қырғызстанда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа деректер пайда болды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 22:18 Сурет: polisia.kz
Қырғызстанда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: