Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 8 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 23:22 Сурет: polisia.kz
Алматы облысы Көктөбе ауылында 8 жасар қызды зорламақшы болды деген 44 жастағы тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланың әжесінің айтуынша, күдікті алма, тәтті беріп алдаған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

"Бір жылдың ішінде 4 рет болып отыр ғой. Ешкімге айтпасын деп баланы қорқытып қойған. "Ол маған тиіседі" деп жылап айтты. Үйімізге келіп амандасып жүрген адам ғой", - деді қыздың әжесі.

44 жастағы азамат Көктөбе ауылында көрші болғалы 15 жыл болыпты. Өзі де азаматтық некеде, екі ұл-қыз өсіріп отыр. 

"Бұл мүмкін емес, көршіліердің арасында мүмкін емес" дедім. Себебі көшеде немерелер ойнайды. Алаңдағаннан кейін бардым. Көшеде ылғи қыз балалар ойнайды. Ол жерде үй сатылады деп жарнама ілініп тұр, - деді Көктөбе ауылының тұрғыны Зәуре Әбдіғаниева.

Азғындыққа барды деген күдіктіні көршілері көшіп кетсін деп талап қойыпты. Өйткені бұл тағы қайталана ма деп қорқып отыр. Оның үстіне, күдікті тұратын үй маңынан мектеп баласы да күнде өтеді екен.

Күдіктіні бүгін Алматыдағы сот-сараптамалық институтына алып келіп, сынама анализін алып жатыр. Әзірше тергеу жүріп жатқандықтан ақпарат жария етілмеген. Оны уақытша тергеу изоляторында ұстайды.

"Немересінің айтуынша, күдікті 2022 жылы немересінің жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасаған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша, аудандық полицияға тіркелді. Күдікті азамат заңнамада тіркелген тәртіппен қамауға алынды. Аталған деректі тексеру шеңберінде, сот медициналық сараптамалық тағайындаумен, барлық тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайділдин.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікке ілінген азаматты дереу қамауға алмаған, тек Алматыға қашып барған жерінен ұстап алып келген көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: