Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Астанада қатты жел соғады, екпіні 20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының таулы аудандарында аракідік жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде өңірдің шығысында, таулы аймақтарында, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды.
Алматыда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Қонаевта күндіз найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде, түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Ақтөбеде де күндіз найзағай болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 18 м/с жыдамдықпен жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
"Көкшетауда таңертең және түстен кейін синоптиктер шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл болады деп болжайды. Облыстың орталығында оңтүстік 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сонымен қатар, қала мен облыста төтенше өрт қаупі жоғары". "Қазгидромет" РМК
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні - 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі.
Петропавлда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау мен Жезқазған облыстарының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының таулы аймақтарында аракідік жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ жауады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Синоптиктер Шымкент пен Түркістанда найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, түнде оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с жетеді деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с, Алакөл маңындағы жел екпіні - 25 м/с.