Астанада жүк көлігі үш бірдей көлікті соқты

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 01:21 Сурет: видео скрині
Астанада жантүршігерлік апат болды. Жүк көлігі үш бірдей көлікті "бүктеп тастаған", деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 2023 жылғы 14 мамырда болған. HINO жүк көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие алмай Toyota Camry, Volkswagen Passat, Toyota Hilux маркалы үш көлікті соққан.

Оқиға орнынан түсірілгени видео әлеуметтік желіде тарады.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, HINO көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: