Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар аң-таң: Мектеп бағдарламасында Шәкәрімнің туындыларына небәрі 3 сағат берілген

Шәкірім Құдайбердіұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 12:50 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Болгария мемлекеттері білім беру жүйесінің өкілдері Алматыдағы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында бас қосып, Шәкәрімнің еңбегін зерттеу, тарату мәселелеріне қатысты тиімді ұсыныстарды талдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар Шәкірім Құдайбердіұлының шығармаларын кеңінен насихаттау үшін тың әдістемелер мен бағдарламалық өзгерістер керек деген тұжырымға келіп отыр. "Мәселен, еліміздің мектеп бағдарламасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылық туындыларына небәры 3 сағат берілген. Бұл, ойшылды терең тануға аз", - дейді пән мұғалімдері. Ал Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары Шәкәрімді өз ойшылдарымен қатар оқытуды ұсынды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Басымдық беру керек, осы қазіргі өмірмен оқушыларға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып оқыту, айталық, Шәкәрім шығармаларын өздерінің өзбектің  ұлы ақын жазушыларымен салыстыра отырып оқыту мәселесін қойып отыр, қазіргі кезде. Яғни екі елдің ұлы ғалымдарының ойышылдарының шығармаларының үндестігін тауып отыр". "Өрлеу" АҚ филиалының әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: