Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы Шу ауданында 3 білім беру нысаны пайдалануға берілді

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:25 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні аясында Шу ауданында 3 білім беру нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атап айтқанда, ауданға қарасты Мойынқұм, Ақсу ауылдарында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 бөбекжай-бақша, Шу қаласында бастауыш мектеп ашылды.

Салтанатты шараларға аудан әкімі Сәкен Арубаев қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:25

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мойынқұм ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген балабақшаның құрылысы "Ерке-Есіл" ЖШС-нің қаражаты есебінен жүргізілген. Бөбекжай 200 балаға шақталған десек, елдімекендегі 40 адам жұмыспен қамтылған.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:25

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақсу ауылындағы жаңа балабақшада да 50 бала тәрбиеленіп, 10 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Жаңа мектептің ашылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:25

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күні мерекесіне орай Шу қаласында 280 орынды "IQ URKER   SCHOOL" жекеменшік мектеп те есігін айқара ашты. Нысан ғимараты екі қабаттан тұрады, оқу кабинеттері, спорт және музыка залымен қамтылған. Білім ошағы мектеп алды даярлық және бастауыш сыныптар бойынша негізгі және қосымша мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметі

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:25

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: