Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында Республика күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді

Жаңа нысан, Жамбыл облысы, Масаншы ауданы, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 19:47 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика күніне орай Жамбыл облысында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді: Қордай ауданы, Масаншы ауылында аурухана, Меркі ауданының Тәтті ауылында спорт нысаны, Рысқұлов ауданының Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт. Ал Талас ауданының Ақтөбе ауылына ауызсу берілді.

Тұрғындардың бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақын жерден алуын қамтамасыз ету мақсатында 25 қазан - Республика күніне орай, Қордай ауданы Масаншы ауылында ауылдық аурухана корпусы жанынан қосымша ғимарат салынып, денсаулық сақтау саласы жаңа емдеу нысанымен толықты.

Емхана халыққа қажетті УЗИ, физио терапия кабинеті сынды заманауи қажетті құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, жаңа емхана ауысымына 150 келушіні қабылдай алады. Бұрын ескі ғимаратта қиындық көрген 19537 халық тұратын Масаншы жұртшылығы енді аудан орталығына қатынамай жаңа мекемеде сапалы ем қабылдай алады. Осылайша, аудандағы шалғай ауыл тұрғындарына сапалы дәрігерлік көмек көрсету мәселесі шешімін таба бастады. Мұнда терапия, педиатрия бөлімшелері бар. Аталмыш емханада 8 дәрігер, 40 мейірбике, 21 кіші буын қызметкерлері жұмыс істейді.  Өйткені әр дәрігердің жеке жұмыс кабинеті бар. Сонымен қатар, 52 төсектік емхана үш қабаттан тұрады. Оның ішінде он бес орын-тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, отыз бес орын-күндізгі стационар, екі паллиативті көмек көрсету орны қарастырылған. Нысанның құрылыс жұмыстары 2019 жылы қазан айында басталып, құрылысты мердігер мекеме "Самрұқ-Қазына" акционерлік қоғамы жүргізді. Жобаның құны 530 071 650 теңгені құрайды.

Жаңа нысан, Жамбыл облысы, Масаншы ауданы, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 19:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Республика күні қарсаңында Масанчи ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-1 ауылында су жаңа шағын футбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, округ әкімі Хусейн Буларов, ауылдық ардагерлер алқасының мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.  Алдымен аяқдоп алаңының ашылуына арналған лента қию рәсімі орындалды. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, ауыл ақсақалдары шақырылды.

Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, шағын футбол алаңының құрылыс жұмыстарын "TNAY story" мердігерлік мекемесі атқарып шыққан. Келесі кезекте, ақ жаулықты аналар шашу шашып, күн райының жауын-шашынды болуына қарамастан, қонақтар жаңа ашылған алаңға беттеді.

Меркі ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Тәтті ауылынан ашылған спорт нысаны жеке инвестиция есебінен бой көтерді. Туған жеріне туын тігіп, ауыл спортының дамуына үлкен үлесін қосуды мақсат етіп, "Алпамыс" балалар мен жасөспірімдер дене даярлық клубын ел игілігіне беріп отырған Тәтті ауылының тумасы Көкебаев Бақыт Керімбайұлы. Ғимараттың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысып, лентасын қиды.

Жаңа нысан, Меркі ауданы, Тәтті ауылы, спорт кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 19:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа нысанда 5 спорт секциясы бар. Қазақша күрес, еркін күрес, үстел теннисі, бокс, қол күресі секілді спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай жасалған. ⠀Сонымен қатар, жаңа спорт нысанында 17 маман жұмыспен қамтылды.⠀

Талас ауданы Ақтөбе ауылының халқына таза ауыз су берілді

Республика күніне орай Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылының халқына сапалы ауыз су берілді. Биыл "Forte Сapital" ЖШС-і қысқа мерзім ішінде кешенді блок-модуль орнатты. Бұл құрылғы тұрғындардың сапалы тіршілік нәрімен қамтылуына ықпал етеді. Жоба құны 129,5 млн теңгені құрайды.

Таза ауыз су, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 19:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде Талас ауданының 6 ауылдық елді мекенінде (Сейібек, Қожағаппар, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр ауылдары) ауыз су нысандарының құрылысы жүргізілуде. Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 22 ауылға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу, 15 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 94,9-дан 98,1 пайызға дейін артады.

Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Республика күніне орай Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында жоба құны 249,2 млн теңгені құрайтын 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Бұл ауданда соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші – медициналық пункт. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қорағаты станциясы мен Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыста денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 39,0%-ға дейін төмендету үшін 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы шеңберінде - 20 нысан бой көтереді.

Бүгінде, үш медициналық нысан халық игілігіне берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: