Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында Республика күніне орай бірнеше жаңа нысан ашылды

Шағын футбол алаңы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 қазандағы ұлттық мереке – Республика күніне орай Жамбыл облысында жаңа нысандар кезек-кезек ел игілігіне ұсынылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округіне қарасты "Шахан" ауылында  шағын футбол алаңы пайдалануға берілгені – ауылдықтарға тамаша тарту болды.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Футбол алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков  қатысып, "Туған жерге туыңды тік" бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары, осы топырақтың алыс-жақындағы түлектерінің демеушілігімен қолданысқа беріліп отырған спорт алаңының ашылуымен құттықтады.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, осы ауданға қарасты Суханбаев ауылдық округінің Жақаш елді мекенінде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Жаңа ғимаратта учаскелік полиция пункті кеңсесі мен инспектордың отбасына арналған қызметтік тұрғын үй бірге қамтылған.

Жаңа ғимараттың ауданы - 108 шаршы метрден асады, кеңсеге телефон және интернет байланысы тартылған, жиһаз,  тұрмыстық техника және жұмысқа қажеттінің барлығы бар. Жақаш елді мекені  ауылдық округтің орталық ауылы болып табылады, құрамында Қосы батыр, Көкөзек ауылдары да бар. Аталған округке учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Алихан Симбиев қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ауылдық округте ауыр қылмыстар тіркелмеген.

Учаскелік полиция пункті "Жұртқа жақын полиция" қағидаты және полицияның сервистік жұмыс моделі шеңберінде ашылып отыр. Учаскелік полиция инспекторының жұмыста тәулік бойы болуы ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ.

Осы секілді Тұрар Рысқұлов ауданында да алғашқы модульдік полиция бекеті ашылды.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан тұрғындарының тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында салынған полиция бекетінің ашылу салтанатына аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысты.

Жаңа бекетте полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, аумақты патрульдеу, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады, бұл азаматтарға кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, аталған ауданда мереке қарсаңында "Достық үйі" ашылды.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жерігілікті тұрғындардың өтініші бойынша қысқа мерзімде бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріліп отыр.

Бүгінгі таңда ауданда 20-дан астам өзге ұлт өкілдері тату тіршілік кешуде. Енді аудандағы 10 этномәдени бірлестік бір шаңырақ астында, өздерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, қоғамдық келісімді сақтау жолында белсене еңбек етпек.

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:26

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: