Атырауда да жасөспірім көпірден секіріп кетті
Сурет: видео скрині
Атырауда 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп кетті, оны полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 мамырда сағат 22:30 шамасында полицейлер Жайық өзенін патрульдеу кезінде орталық көпірден белгісіз ер адамның секіріп кеткені жөнінде хабарлама алып, дереу оқиға орнына жеткен.
Полиция қызметкерлері өзен беті қараңғы болғаны себепті дұрыс көрінбеген соң секірген ер адамды іздеу қиындық туғызғанын айтты.
Кейін қызметкерлер суға секірген ер адамның бағыты бойынша суға секіріп, жүзіп барып қайыққа мінгізіп құтқарған. Қазіргі таңда көпірден секірген ер адамның 2006 жылы туған жасөспірім екені белгілі болды. Оның бұл әрекетіне қатысты жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript