"Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі үйленді

"Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Неке №39 мекеменің қабырғасында қиылған. Ер адам өзінің әйелімен газеттегі хабарландыру арқылы танысқан.
"Біраз уақыт сөйлестік, содан кейін оны жоғалтып алғым келмегендіктен үйленетін болдым", - дейді сотталушы.
Мекеменің психологтары мұндай оң өзгерістер тонау қылмысы бойынша жазасын өтеп жатқан сотталушыға жақсы әсер етеді деп есептейді. Олардың айтуынша, отбасын құру - бұл түзелу үшін жасалған маңызды қадам.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript