Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Асыл Әже Almaty" сайысының жеңімпазын жариялады

Алматыда әжелерге қатысты байқау аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 17:41 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда алғаш рет жасы 61 және одан да үлкен, немерелері бар әйелдер арасында "Асыл Әже Almaty" шығармашылық байқау өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – жастарды тәрбиелеу, қарт адамдардың қоғамдық іс-шараларға көңіл аударуы, жастардың қарттарға деген қамқорлығын көрсету, отбасылық дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Байқаудың қорытындысы бойынша - 62 жастағы әжей Гульнара Құнанбаева гран-при иегері болды. Ол бас жүлдеге - плазмалық smart-теледидар алды және "Асыл Әже Almaty 2023" атанды.

Барлығы іс-шараға аудан орталықтарындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан 12 финалис таңдап іріктеп алынған. Ең үлкен қатысып, бағын сынаушы әженің жасы 81-де. Жарысқа сондай-ақ, олардың балалары мен немерелері де қатысып, жанкүйер болды.

Байқауға қатысушылар үшін іс-шара төрт кезеңнен тұрды. Әділ қазылар алқасы мәдениет және өнер саласындағы тәуелсіз сарапшылардан құрылды.

1. Байқау "Визиттік карточкасы "Сүйікті әжем" – "Асыл әже" сайысы үй тапсырмасы болды. Қатысушылардың отбасы мүшелері (балалары, немерелері) отбасы және отбасылық дәстүрлері, өзінің әжесі туралы, оның қызығушылықтары жайында бейнетұсаукесерде айтып берді.

Әділ қазылар алқасы бейнероликтің ерекшелігі мен туыстарының қолдауын бағалады.

2. Байқау "Тамаша дәм" — "Аспаздық шеберлік" (үй тапсырмасы). Әрбір қалалық қатысушы өз қолдарымен дайындалған асты дайындау барысында өзінің аспаздық шеберлігін көрсетті.

Әділ қазылар алқасы астың дәмін, сыртқы түрін және түп нұсқада берілуін, тартылу әсемділігін бағалады.

3. Байқау "Өнерлі әже" — "Шығармашылық байқау". Бұл байқауда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін әр түрлі жанрдағы: вокал, көркем сөз оқу, би билеу және т.б. көрсетті.

Әділ қазылар алқасы сөз сөйлеу шеберлігін, орындаушылығын бағалады.

4. Байқау "Сымбатты әжелер" — "Ең сүйкімді және тартымды". Мәрелік кешкі сәнді көйлектер көрсету.

Сондай-ақ, әрбір қатысушылар арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанып, демеушілердің есебінен оларға сертификаттар табыс етілді, баяу пештер, блендерлер және басқа да бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей номинациялар бөлінді:

• "Заманауи әже - Ең креативті Әже 2023" — Құралай Әшімханова;

• "Өнегелі әже - Дана және қамқор Әже 2023" - Мырзахан Құныпияева ("Күміс алқа" иегері);

• "Берекелі әже - Әже - Үздік үй бикесі 2023" – Нина Мурзина;

• "Нәзік әже - Мейірімді және нәзік 2023" – Баян Жанзакова;

• "Шебер әже – Оң қолынан өнері тамған 2023" – Роза Раздықова;

• "Өнерлі әже - Шығармашылық әже" – Любовь Чукенова;

• "Дарынды әже - Ең талантты Әже 2023" – Мафруза Нұртазина;

• "Көрермендер таңдауы – Әже" - көрермендер көзайымы 2023" – Галиба Катекова;

• "Әсем әже - Ең сүйкімді Әже 2023" – Қайнигүл Қайсенова;

• "Сымбатты әже - Ең таалғампаз Әже 2023" – Сәуле Мұқанова;

• "Сүйкімді әже - Ең таңғажайып Әже 2023" – Людмила Хван.

Байқаудың миссиясы – жеңімпазды анықтау емес, аға-буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау, олардың белсенділік танытып, өмірдің барлық саласына араласуын қамтамасыз ету.

Іс-шара әйгілі қазақстандық әртістер мен "Айналайын" зейнеткерлер ансамблініі билерімен аяқталды. Сондай-ақ, байқау барысында Алматы қаласының белсенді өмір орталығының көрсетілетін қызметті алушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі де болып өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының белсенді өмір орталығы, Қазақстан композиторлар одағы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: