Жаңалықтар тізбегі
0

Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға беріледі

Үлкен Алматы айналма жолы, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 15:29 Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Үлкен Алматы айналма жолындағы көлік қозғалысы қашан іске қосылатыны белгілі болды. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Осы жылдың екінші тоқсанында 1-А санатты, ұзындығы 66 шақырым болатын, жылдамдық шегі 120 шақырым/сағатқа тең үш жолақты Үлкен Алматы айналма жолын пайдалануға беру көзделіп отыр", – деді ол.

Автомагистральда төлем қабылдаудың ашық жүйесі болады, кірерде және шығарда шлагбауым орнатылмайды, бұл көліктер арасында кептеліс болмауын қамтамасыз етеді.

"Үлкен Алматы айналма жолы жобасы концессиялық механизм бойынша іске асырылып жатыр. Концессионердің қызмет ету мерзімі – 15 жыл. Концессионер "БАКАД Инвестиции и Операции" ЖШС  болып саналады". "БАКАД Инвестиции и Операции" ЖШС пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев

Жобаның тиімді жақтары:

  • Алматыны босату: Үлкен Алматы айналма жолы негізгі магистральдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы қаладағы көлік ағынын азайтады. Бұл кептелістерді азайтады және жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады;
  • сапар уақытын жақсарту: Үлкен Алматы айналма жолы аз кептеліспен балама маршрут ұсынады, бұл қала бойынша саяхат уақытын қысқартады. Жүк көліктері жүктерді жеткізу уақытын үнемдей алады және олардың жұмысының тиімділігін арттырады;
  • экологиялық тиімділік: Алматы қаласының шекарасынан тыс көлік ағынын ауыстыру арқылы Үлкен Алматы айналма жолы атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтады және қала мен оның төңірегінде экологиялық жағдайға жақсы әсер етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: