Атырауда 29 жастағы әйел жоғары қабаттан құлап мерт болды

суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 22:15 Сурет: видео скрині
Атырауда 29 жастағы әйел жоғарғы қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқыс оқиға қаладағы Алмагүл ықшамауданында болған. Алайда ол бұл мекенжайда тұрмайды екен.

Туыстарының айтуынша, марқұм жүйке жүйесі ауыратындардың есебінде тұрған. Бұған дейін де бірнеше рет өзіне қол салуға оқталған. Ал полиция мұның суицид не емес екенін анықтап жатыр.

"Аталған оқиғаны алдын ала суицид деп растай алмаймыз. Өйткені қазір оның қандай себеппен қайтыс болғаны бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу басталды".Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: