Алматы облысында ұрланған 20 бас жылқы Түркістан облысындағы ауылдан табылды

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 00:41 Сурет: pixabay
Алматы облысында 15,1 млн теңгенің малын ұрлағандар қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 17 сәуірде Кеген ауданының полиция бөліміне Сарыкөл ауылының 59 жастағы тұрғыны Қарқара кентінің маңындағы жайылымнан құны 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқысының ұрланғаны жайында арызданған.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Мал ұрлау") бойынша аудандық полицияда тіркелген.

Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 18 мамырда 28, 27 және 26 жастағы үш күдіктіні ұсталды.

Сурет: polisia.kz

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұрланған мал Түркістан облысының Қарабұлақ ауылынан табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: