Балаларға арналған әлемге танымал телеарна қазақша көрсетіледі

Қазақстанда балаларға арналған жаңа телеарна пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылдан бастап балаларға арналған әлемге танымал Nick Jr арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
"Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік тілдегі балалар контентін дамыту мақсатында 2021 жылдан бері Nickelodeon балалар телеарнасының өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асып жатыр. 2021 жылы Nickelodeon телеарнасының 465 сағаттық контенті аударылса, 2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript