Елімізде өрт сөндіруге арналған техникалар сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

ҚР үкіметінің резерві, төтенше жағдай, өрт, өрт сөндіру техникасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 09:27 Сурет: primeminister.kz
Үкімет өрт сөндіру жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол техникалар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 

10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады.

Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады.

Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: