Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде Қасым және Жомарт есімді егіз ұл дүниеге келді

Егіз, Қасым мен Жомарт, егіз ұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 12:44 Сурет: unsplash
Ақтөбеде 17 мамырда егіз ұл дүниеге келді. Оларға туыстары Қасым және Жомарт деп Президенттің атын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының жазуынша, 27 жастағы ананың егізбен қосқанда бес баласы бар.

Маусым айында туылуы керек болған егіздер мерзімінен бұрын дүниге келген. 17 мамырда ақтөбелік келіншек салмағы 2400 грамм болатын егіз ұл босанды.

Балалардың әжесінің айтуынша, бір бала басымен, екіншісі аяғымен келгендіктен, дәрігерлер кесарь тілігін жасауды жоспарлаған. Бірақ келіншек өзі босанған.

"Туғанға дейін біз балаларға есім таңдамайтынбыз. Бізде әрқашан осылай болады, балаға атты дүниеге келгенде қоямыз. Атты бүкіл отбасымен бірнеше күн таңдадық. 17 мамыр – Президентіміздің туған күні. Біз ұл балалар ерте туылғандықтан, Қасым мен Жомарт деп Президенттің атын қоюды жөн көрдік. Олар осылай дүниеге келді, демек ерекше балалар. Балаларымның ғалым болғанын, тәрбиелі болғанын қалаймын, жақсы оқып, ел игілігіне қызмет етсе деймін", – дейді егіздің әжесі.

Ақтауда да Қасым мен Жомарт есімді егіздер өсіп келеді. Ұлдардың есімін әжесі қойған. Соңғы үш жылда сыныптастары мен достары егіздерді "президент" деп жүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: