Fitch агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін "тұрақты" деп бағалады

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 09:00 Сурет: fitchratings.com
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің BBB деңгейінде екенін растады, болжам – "тұрақты", деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.

Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл – кейінгі 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: