Ақмола облысында мас жігіт көктемде отырғызылған қарағай көшеттерін сындырып тастады

қарағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 00:17 Сурет: видео скрині
Ақмола облысында мас адам көктемде отырғызылған қарағай көшеттерін сындырды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аршалы аудандық полиция бөліміне аудан әкімінің елдімекен аумағында көктемде отырғызылған қарағайдың жаңа көшеттерінің зақымдануы туралы арызы келіп түсті

Залал сомасы - 425 мың теңге. Күдікті анықталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

30 мамыр күні мас күйінде жас жігіт көшеттердің бірін жұлып алып, қалған төртеуін зақымдап, бұтақтарын сындырғаны белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: