Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, маусым айына арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 10:17 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылдың маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым аумағында ыстық ауа райы болжанады.

Ауа температурасы:

  • еліміздің оңтүстігінде түнде +20+27°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +17+25°С-қа дейін, күндіз +33+41°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстік-шығысында түнде +8+16°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +24+31°С-тан +34+39°С-қа дейін,
  • республиканың шығысында түнде +2+10°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +33+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Тек еліміздің батысында циклондардың әсерінен найзағаймен бірге өткінші жаңбыр және ауа температурасының түнде +18+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр.

Бірінші онкүндіктің соңында өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ пен шаңды дауыл болуы да мүмкін. Бұған қоса қысқамерзімге ыстықтың төмендеуі болжанады.

Маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ және шаңды дауылмен бірге салқын ауа райымен ауысып отырады.

Ауа температурасы:

  • еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +16+26°С-қа дейін, күндіз +21+31°С-тан +31+40°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +5+15°С-тан +11+21°С-қа дейін, күндіз +16+26°С-тан +26+36°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстігінде түнде +13+23°С-тан +18+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +32+42°С-қа дейін ауытқиды.

Маусым айында орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым аумағында нормадан 1-2° жоғары болады.


"Ал Шығыс Қазақстан облысында, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында норма шамасында күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан аз, республиканың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында норма шамасында болады деп болжанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: