Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында адамдардың биттеуі жиілеген

Педикулез, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 21:53 Сурет: gov.kz
Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде биылғы жылдың 4 айында педикулездің 86 жағдайы тіркелді, оның ішінде 44 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 11,14 құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 23,27%-ға өскен. Педикулезбен ауырған балалар мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына қабылданбайды", деп Pavlodarnews.kz аталған департамент мәліметін келтіреді.

Педикулез (бит) анықталған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені педикулез паразиттік ауруларға жатады және медицина қызметкерлерінің бақылауын қажет етеді. Медицина қызметкері биттерді жою бойынша ұсыныстар береді.

Педикулезбен ауыратын науқастардың төсек-орындарын, киімдерін   дезинфекциялау дезинфекциялық камераларда  және педикулез ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

Педикулезбен ауыратын балалар санациядан кейін мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру мекемесіне педикулездің жоқтығы туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана қабылданады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: