Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте суға батқан 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2023 00:10 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан баланы құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Балалар № 128 қалалық жалпы мектепте оқиды.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2023 00:10

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған.

Бір топ балалармен бірге Ераулет пен Рамазан шомылуға келіп, сол жерде кішкентай баланың өзенге батып кеткенін естіді.  Судың бетінде баланың жансыз денесін көріп, балалар оны жағаға шығарды.

Суды жұтқан баланың іші ісіп кетіп, өзі көгере бастаған. Балалардың үлкені Рамазан, 9-сынып оқушысы, тез арада реанимациялық әрекетке кірісті. Оған оның досы 8 сынып оқушысы Ердәулет Шыңғысхан көмектесті. Балалардың шебер әрекеттерінің арқасында алты жасар бала есін жиып, дем ала бастады.

Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды.

"Сонымен қатар біздің заманымыздың батырлары Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Амангелдиев ТЖ департаменті басшылығының атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді", делінген хабарламада.

Айта кету керек, Бадам өзені жүзуге тыйым салынған орын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: