Жаңалықтар тізбегі
0

"Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 фактісі анықталды

өзенмұнайгаз Сурет: ozen.kz
"Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 фактісі анықталды, оның ішінде 101 факті бойынша жауапты тұлғалар жазаланады, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазМұнайГаз"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" арнайы жұмыс тобы Жаңаөзенде тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" АҚ 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды. 

"Өзенмұнайгаз"-дың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:

  • 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді;
  • 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
  • 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылады.

Келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы кезінде белгілі болады.

"Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің "Өзенмұнайгаз" бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр", - деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Еске салайық, кеше, 2 маусымда Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты лауазымдық өкiлеттерін шектен тыс пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Мәмбетсапаев жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірнеше танысын "Өзенмұнайназ" АҚ-на заңсыз қабылдаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз