Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күнінде авто және велошеру өтті

Шымкент , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 13:51 Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте Рәміздер күнінің құрметіне бірнеше іс-шара өтіп жатыр. Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде авто және велошерумен жалғасып жатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Меркелік іс-шарада патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе, ардагерлер бірге қосылып шырқаған патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен 50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өткені де қала тұрғындарына рух беріп, мерекелік күннің абыройын асқақтатты.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: