Астанадан Антальяға жаңа рейс пайда болды

ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 14:48 Сурет: instagram.com/nqz_airport/
Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия жаңа рейсін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды. Ұшақты дәстүр бойынша "су аркасымен" қарсы алды.

Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған.

Әуекомпания биылғы шілдеден бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: