Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қашан жаңбыр жауады

Жабыр, Астана, ауа райы болжамы Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы мамыр айының соңынан бері Астанада күн ыстық болды. Бүгін, 5 маусымда елорда тұрғындарын жауын жауады деген жаңалық қуантты. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, қалада алдағы үш күнде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 36-38 градус ыстық.

7 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 градус , күндіз 36-38 градус ыстық болады.

8 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 30-32 градус ыстық.

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде ыстықтың беті қайтса, ал кейбір өңірде керісінше қатты ыстық болады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз